Тағамдық емес тауарларды сараптау
Сараптама қашан жүргізіледі?
1. Егер сізде сатушымен тауардың сапасына және тауарды қайтару талаптарына қатысты дау туындаса.
2. Егер сіз тауардың сапасы туралы сервистік орталықтың техникалық қорытындысының нәтижелерімен келіспесеңіз.
Сараптаманы кім және қалай жүргізеді?
1. Егер тауарға өндірушіден кепілдік болса, онда бастапқы тексеру мен оның сапасын тексеруді өндіруші рұқсат берген сервистік орталықтарда жүргізу ұсынылады.
2. Егер сіз сервистік орталық ұсынған қорытындымен келіспесеңіз, сіз сотқа жүгінуге және сот сараптамасын жүргізу туралы өтініш беруге құқығыңыз бар.
Сараптама үшін кім төлейді?
1. Егер сараптама нәтижелері бойынша зауыттық ақау анықталса, сараптаманы төлеу бойынша шығыстарды сатушы көтереді.
2. Егер сараптама нәтижелері бойынша кемшіліктер анықталмаса немесе кемшіліктер тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың кінәсінен туындағаны анықталса, онда сараптаманы төлеу бойынша шығыстар тұтынушыға жүктеледі.