Жобаны «SAPALY SAUDA» тұтынушылар одағы" қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады

«Sapa-Sauda» жобасы туралы

Жобаның мақсаты – ел халқының тұтыну мәдениеті мен сауаттылығының жоғары деңгейін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің олар сататын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына жауапты қатынасын қалыптастыру болып табылады.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТОЛЫҒЫМЕН ТЕГІН.

Біздің миссиямыз

Біз бір тұтынушының құқығын қорғай отырып, бүкіл қоғамның құқығын қорғаймыз деп сенеміз.

Бұл біздің үлкен миссиямыз. Біз  сапалы сауда мен адал кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз.

Ғаламтор алаңында күмәніңіз бар ма?

Бізбен хабарласыңыз, біз олардың сенімділігін тексеріп, жосықсыз сатушыларды анықтаймыз. Біз сенімді сатушыларды атап өтеміз. Егер сатушы тұтынушының құқығын бұзса, біз мәселені шешуге көмектесеміз немесе сізді қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеміз

Юрий Виссарионович Ли

Жоба авторы

Юрий Виссарионович Ли, қаржылық волонтёр, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты. Заң іс-тәжірибесі мен қаржы саласында үлкен тәжірибесі бар сарапшы. Stop-Piramida.kz жобасының авторы.