Сұрақ-жауап

Бұл ақпарат сатып алуды жүзеге асыратын және сатып алушы ретіндегі өзінің құқықтарын және сатушының міндеттерін білгісі келетіндердің барлығына пайдалы болады

Болады, ҚР  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабы бойынша  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады. 

Құқығы жоқ. ҚР  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабы бойынша Тұтынушылардың кепілдік мерзімі ішінде қойылатын талаптарын қанағаттандыруды тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кемшіліктерімен байланысты емес шарттармен байланыстыруға және дайындаушының (орындаушының) талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды кепілдік міндеттемені орындау шарты ретінде таңуға тыйым салынады.

Осы мәселе бойынша Сіз көрсеткен бөліктің осы тауардың жиынтығына кіретіндігін тексеру қажет, ол үшін тауардың техникалық паспортын тексеру қажет. Өндіруші өнімді кейбір бөліктермен немесе аксессуарлармен жабдықтауды қамтамасыз етпейтін жағдайлар жиі кездеседі.

Иә, егер сізге тауарды тексеруге рұқсат етілмесе, сіз оны қабылдамауға құқығыңыз бар, өйткені сатушы тұтынушыға берген тауардың жасырын ақауларына (зауыттық ақаулар) болып табылмайтын кез-келген механикалық зақымға (чиптер, сызаттар мен ойықтар) жауап бермейді.

Егер телефон сапалы болса, сатушы телефонды қайтарудан бас тартуға құқылы, өйткені телефон  ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес ерекшеліктер тізіміне енгізілген.

Сіз сатушыға тауарды сипаттайтын сайттан скриншоттарды және алынған тауардың фотосуреттерін қоса отырып, шағымды жіберуге құқығыңыз бар. Егер сатушы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде шағымға жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан бас тартса, онда сіз уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығыңыз бар.

Иә, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабына сәйкес  Тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.

ҚР  "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес оларды сатып алған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде қайтаруға жатпайтын тиісті сападағы тауарларға мыналар жатады:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;
2) іш киімді;
3) шұлық-ұйық бұйымдарын;
4) жануарлар мен өсімдіктерді;
5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы;
6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.